Body: 

2018 жылғы 30 қарашада колледж психологтары «Жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар Ресейдің Керчь қаласында болған қайғылы оқиғаны бірлесе отырып талқылап, сондай-ақ оқытушылар құрамының әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында психологтар баяндаманы екі тілде дайындап, студент жастармен байланысты қалай қалыптастыру керектігін, қазіргі жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне тоқтала кетіп, сондай-ақ профайлинг әдістері (құқық бұзушылыққа ықтималдылықты тану әдістері) жайлы сөз қозғады.
Сонымен қатар, колледж студенттерінің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін асоциальды студенттердің мінез-құлықтары мен ерекшеліктері жайлы ақпарат берді. Семинар барысында тақырып бойынша слайдтар көрсетілді.
Аталған тақырып аясында психологтар, топ жетекшілер және оқытушылар ерекше қатынас пен назар аудартатын студенттер, олармен қарым-қатынас жайында мәселелер көтеріп талқылады. Соңында баяндама тыңдаушыларға студенттерге психологиялық қолдау көрсету және топтағы психологиялық климатты жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.


М.Құнанбаева