Body: 

2018 жылдың 1-қарашасында Жас маман мектебінің отырысы өтті.
Отырыс барысында жас мамандарға «Студенттер білімін критериалды бағалау» тақырыбын «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның тренері Ермаханова Р.С. презентация, мысалдар арқылы баяндады. Кіші топтарда критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен практикада қолданылуы туралы айтылды.
Колледж психологы, п.ғ.к. Құнанбай М.Н., жас мамандармен «Маманның кәсіптік қасиеттерін диагностикалау» тақырыбындағы тренинг өткізді. Тренингте оқытушылардың жеке қасиеттерін бақылау ауқымының мөлшері беріліп, жалпылама саралау жасалды.
Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтыкбаева жас мамандармен «Сабақтағы оқытушының әрекеті» тақырыбында сұхбат өткізді және сұхбат барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге «Іс-шара, сабақ анализі» әдістемелік нұсқаулығы ұсынылып, қарастырылды. Нұсқаулықты пайдалану және толтыру реті туралы кеңестер мен үлгілер берілді.
Отырыс соңында жас мамандар бейнебаян тамашалап, ойтолғау мақсатымен жекелеме тапсырмалар орындауға мүмкіндік алды. Кездесу жас оқытушыларға көтеріңкі эмоционалды көңіл күй мен келешек әрекетіне жігер берді.


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.