Body: 

2018 жылы 2-ші қараша күні колледжіміздің №2 Студенттер үйінде «Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл» тақырыбында 1-курс студенттерін қабылдау кеші өтті.
Салтанатты жиынның мақсаты Студенттер үйіне жаңадан келіп жатқан бірінші курс студенттеріне жақсы көңіл күй силап, жаңа ортаға тез бейімделулерін қамтамасыз ету болды. Бұл шараны тек бірінші курс студенттері ғана емес жоғарғы курс студенттері де асыға күтеді. Себебі бұл Студенттер үйінің тұрғындары үшін дәстүрге айналған қызыққа толы мереке. Жоғарғы курс студенттері арнаулы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнатты. Бірінші курс студенттеріде бар өнерлерін салып, бірі әннен шашу шашса, бірі билеп кештің көркін асырды. Кеш қонағы жастар ісі комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы студенттерге колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлының ыстық лебізімен құттықтауын жеткізді. Ұйымдастырушыларға алғысын айтып, студенттерге оқуда табыспен зор денсаулық тіледі.
Қуанышты көңіл күйге толы болған кештің соңы би кешіне ұласты.


Ұ. Бақыт