Body: 

03.11.2018ж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, Астана қаласы Политехникалық колледжінде дебаттық турнир өткізді. Ойын британдық форматта өтті. Биылғы турнирге қазақ лигасына 18, ал орыс лигасына 12 команда қатысты. Турнирдегі форматтың ерекшелігі: тақырыптар ойынға 15 минут қалғанда берілуі. Негізгі ойналған тақырыптар: «Бұл палата қаржылық сауаттылық, заңдылық сауаттылықтан маңызды деп есептейді», «Бұл палата талап етілмеген мамандықтарға мемлекеттік грантты бөлу қажет емес деп есептейді», «Бұл палата стартап мәдениетінің таралуына өкінеді». Финалдық ойын 04.11.2018ж. ҚР-ның Тұңғыш Президенті музейінде өтті. Финалдық ойынға «Бұл палата Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресте сингапурлықтардың тәжірибесін пайдалану керек деп есептейді» тақырыбы ұсынылды. Орыс лигасындада финалдық ойында «Бұл палата Қазақстанда цифрлық технология жақсы іске асырылып жатыр деп есептейді» тақырыбында ойналды. Нәтижесінде қазақ лигасында 1-орынды колледждің «Теміржол тарландары» құрамында Ибрагимов Дарын мен Күзенбай Ділдар мен «Болашақ депутатар» құрамында Қаржаубай Елдос пен Ермеков Рауан Кубок иегерлері атанды. Орыс лигасында колледждің «Evolution» құрамында Малышева Ксения мен Сарваева Зарина екінші орынға ие болды. Жарыс соңында Астана қаласындағы пікір сайыстың дамуына зор үлес қосып жүрген Жұрқабаев Байділдә Сауытқанұлы «Үздік бапкер» грамотасымен марапатталды. Жалпы турнир өте қызық және мазмұнға толы болды.


Тальго» пікірсайыс клубының жетекшісі Б.С. Журкабаев