Body: 

Студенттік өмір – адам ғұмырындағы аса бір қызыққа толы, ерекше есте қалатын керемет шақ. Ал сондай керемет шақтың жақсы естеліктерге толы болуы оқу орнымен Студенттер үйімен тікелей байланысты. Осыған орай колледжіміз студенттер өміріне ерекше көңіл бөлуде.
2018 жылдың 8 қарашасы күні колледжіміздің №1 Студенттер үйінде 1-курс студенттеріне арналған «Қош келдің – студент» тақырыбындағы салтанаты кеш өтті. Аталмыш кештің мақсаты Студенттер үйіне жаңадан келіп жатқан бірінші курс студенттеріне жақсы көңіл күй силап, жаңа ортаға тез бейімделулерін қамтамасыз ету. Дәстүрге айналған шараны студенттердің асыға күткені сезіледі. Өздеріне жаңадан келіп қосылып жатқан жас буынға жоғарғы курс студенттері естен кетпес мерекелік бағдарлама әзірлеген. Кеш барысында қызықты ойындар ойнатылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Әсем әнмен әсерлі биді тамашалағаннан кейін 1-курс студенттері Студенттер үйінің ережелерін сақтауға, тәртіпті болып сабақтарын жақсы оқуға ант етті. Кеш қонағы жастар ісі комитетінің иниспекторы Ұланбек Бақытұлы студенттерге колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлының ыстық лебізімен құттықтауын жеткізді. Берген антарына адал болып, білім шыңынан көрінулерін тіледі. №1 Студенттер үйінің тәрбиешілеріне алғысын айтып, студенттерге оқуда табыспен зор денсаулық тіледі.
Қуанышты көңіл күйге толы болған кештің соңы би кешіне ұласты.



А.Далабаева