Body: 

"Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК және «АРЭК» АҚ-ның арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт аясында, 2018 жылғы 19 қараша күні «АРЭК»АҚ-ның оқу орталығының базасында "Электр тогының салдарынан зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеу" тақырыбында шебер-сынып өткізілді.
"Еңбекті қорғау" оқу кабинетінде арнайы манекен-тренежерді қолдану арқылы сабақ өткізілді. «Илюша» – робот-тренажер- заманауи құрал, клиникалық өлім, есті жоғалту, бел артериясының жарақаттануы, аяқ сүйектерінің сынуы сияқты жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тренажер еш қиындықсыз құтқарушының жұмысын бақылайтын қондырғымен жабдықталған. Шебер-сыныптың теориялық бөлімінің соңында студенттер «Илюша» – робот-тренажердің көмегімен дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерді. Манекенде жүрекке массаж жасау, жасанды тыныс беру жолдарын тәжірибелі маман А.В. Садовский арқылы үйренді.
Алғашқы уақытта студенттердің барлығы бірден "зардап шегуші" адамға көмек көрсете алмады. Шынайы өмірде мұндай көмекті бірнеше адам бірлесіп көрсетеді. Дайындықсыз, жеке адам көмек көрсетуі мүмкін емес.
А.В. Садовский және С.А. Муравьева осындай сабақтар оқу үрдісіне пайдалы деп атап өтті. Төтенше жағдайларда сауатты әрекет ету үшін теориялық білім ғана емес, тәжірибе де қажет. Колледж студенттерінің заманауи құралдармен тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндігі бар.
Шебер-сынып соңында студенттер "Еңбекті қорғау" сабағының маңыздылығын, өздерінің мамандықтарына қажеттілігін, меңгерген білімдері мен тәжірибелердің өмірде кездесетініне көз жеткізді.


Директордың оқу-өндірістік жұмыстары
жөніндегі орынбасары О.Х. Жунуспеков
Арнайы пәндер оқытушысы
С.А. Муравьева