Body: 

2018 жылғы 23 қарашада колледждің тәрбие жұмысы бөлімі мен Қалалық №5 емхана, «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының психологы А.М. Тлеулинаның ұйымдастыруымен «1желтоқсан- Дүниежүзілік Спидке қарсы күніне» арналған іс-шара өтті. Шараның мақсаты – АИТВ\ЖИТС инфекциясы туралы жалпы түсінік беру, жұғу жолдары, алдын-алу шаралары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық деңгейін арттыру.
Аталмыш іс-шарада емхана дәрігерлері жиналған қауыммен ЖИТС-тің шығу тарихы, АИТВ-ның берілу және алдын-алу жолдары туралы кеңес беру жұмыстарын жүргізді, АИТВ\ЖИТС туралы бейнефильдер мен бейнероликтер көрсетілді.
Шара соңында колледж студенттері белсене қатысып, «Спидқа жол жоқ! Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранда флеэшмоб биледі.


Г. Нұрқабыл