3 декабря 2018
Астана қаласы "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК –да 2018 жылғы 29 қараша күні "Педагогтың кәсіби құзіреттілігі- болашақта сапалы маман даярлаудың негізі" тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- колледж оқытушыларының біліктілігін көтеруге ынталандыру, педагогикалық тәжірибелерін талқылау, бөлісу.
Ашық есік күніне Астана қаласының Білім басқармасы, "Кәсіпқор" Холдинг" ҰАҚ өкілдері, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Колледж директоры З.С.Гаипов және "Білім беруді жаңғырту орталығы" КМУ әдіскері Ж.Б.Егеубаева оқытушыларды құттықтай отырып, сәттілік тіледі.
Бағдарлама бойынша 13 ашық сабақ өткізілді. Жалпы білім беру секциясы бойынша "Қазақ тілі" және "Мемлекеттік тілде іс-жүргізу" пәндері бойынша оқытушылар С.А. Алимова және М.Т.Рахымова, "Кәсіптік қазақ тілі және "Кәсіптік ағылшын тілі" пәндері бойынша оқытушылар В.Д.Хайрулина және К.С.Жәдігерова кіріктірілген сабақтар өткізді. "Орыс әдебиеті"-С.М. Хайруллина, "Қазақ әдебиеті"-А.Қ. Орынбаева, "Қазақ тілі"-Г.Ж. Нұрқабыл, "Дүниежүзі тарихы"-Т.Н. Естемесов, "Математика" К.И. Джаппарова сабақ өткізді.
Арнайы пәндер секциясында модульдік оқыту технологиясы бойынша "Еңбекті қорғау"-С.Ж. Қасымова, "Электрмен қамтамасыз ету" мамандығы бойынша Ж.Б. Есентава, Ж.Б. Шаяхметова кіріктірілген сабақ өткізді. "Теміржолдың жалпы курсы" пәні бойынша Д.Б. Торгаев, "Жол машиналары және механизмі"- А.К. Каримова, "Қолданбалы информатика"-А.К. Канапина, "Жылжымалы құрамның электрлі машиналары"-С.И. Тоқсанбаева сабақ өткізді.
Барлық ашық сабақтар техникалық және кәсіптік білім берудің жаңартылған мазмұнында, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы өткізілді.
Оқытушылар проблемалық оқыту технологиясын қолдана отырып, есептер шығартты, жобалық жұмыстар әзірледі, студенттердің кәсіптік құзіреттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндермен жұмыстар дайындады.
Іс-шара қорытындысында әріптестер колледж оқытушыларының интеллектуалды және шығармашылық әлеуеті, педагогикалық деңгейінің жоғары екендігі аталып өтті.
Барлық оқытушыларды жоғары деңгейде нәтиже көрсеткендерімен құттықтаймыз, аттестациядан сәтті өтулеріне тілек білдіреміз.
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Л.И.Матвеева