10 декабря 2018
2018 жылдың 10 желтоқсанында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының шығармашылық апталығы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдауға арналған іс-шара өткізілді.
Ұйымдастырушылар: оқытушылар Жұрқабаев Б.С., Кенжебеков Ж.А.
Мақаланы талқылауға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек столға қатысушылар президент ұсынған міндеттерге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Мақаладағы келтірілген деректер мен дәйектер, құндылықтар мен мәдени мұралар ұлтымыздың әлем өркениетіндегі орынын айшықтауға бағытталған ауқымды қадам болатындығын ерекше атап өтті.
Олар біздің өткен, бүгінгі және болашақтағы дүниетанымымызға түбегейлі әсер етеді.
Бұл тақырып үлкен қызығушылық тудырды. Жастар өз елінің тарихын білуі, сақтап, болашақ ұрпағына жалғастырып бере алуы тиіс.
А.Ахметова