Body: 

2018 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елімнің нұрлы таңы» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты түрде шырқалған ән ұраннан кейін, жиналған қауымды колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасында Қазақстанның орасан зор табыстарға қол жеткізгеніне ерекше тоқталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген жетістіктеріміздің Елбасының ерен еңбегінің арқасы екенін айтып, жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тоқталып, егеменді елде өмір сүріп, ұлы даланы мекен еткен қазақ елі бүгінде өзінің бейбіт саясатымен әлемге мәлім екенін жеткізді. Келер жыл «Жастар жылы» болмақ, алдағы жылы жастармен қатар ұстаздар қауымына да аса зор көңіл бөлінетінін айта келе тәуелсіздік біздің баға жетпес байлығымыз, сондықтан оны қадірлей, қастерлей білейік деді Зұлфухар Сұлтанұлы өз сөзінде.
Іс-шара барысында Зулуфхар Сұлтанұлы колледж оқытушылары мен қызметкерлерін, ата-аналар мен студенттерді салтанатты түрде марапаттап, өз алғысын білдірді. Тәуелсіздікке тарту ретінде №2 студенттер үйіне әр қабатқа бір-бір теледидардан табыстады. Мерекелік концертке арнайы шақырылған Астана қаласының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары қауымдастығының президенті Старунов Виктор Ильич барша жиналған қауымды тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтап, колледж қызметкерлері мен студенттеріне еңбектерінде жеміс оқуда табыс тіледі. Кеш қонағы болған "Көпбейінді колледжі" МКҚК директоры, Астана қаласы колледж директорлары кеңесінің төрағасы - Ташенов Серик Балтыханұлы өзінің жүрек жарды тілегін арнап, колледж ұжымымен студенттерді Егеменді Қазақстанның басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мерекенің қадірлі қонағы болған колледж ардагері Титенков Леонид Петрович колледжге және колледж басшылығына өзінің ақ тілегімен, зор алғысын айтып келіп жеткен тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Астана қаласы жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының жаттықтырушысы Абдиркенов Азим Капанұлы Астана қаласының атынан жарысқа шығып ел мерейін үстем етіп жүрген колледж студенттерін мадақтай келе, студенттерге осындай жағдай туғызып тәрбиелеп жатқан колледж ұжымымен басшылығына зор алғысын жеткізді. Азим Капанұлы колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлына жекпе жек ұлттық спорт федерациясының «Алғыс хатын» табыстады.
Колледж өнерпаздар тобының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт өзіндік ерекшелігімен есте қалды. «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты VІ дәстүрлі мүшәйраның бас жүлдегері Қаржаубай Елдос «Тәуелсіздік» өлеңін оқыды. Кеш барысында ұлттың рухын көрсетіп, тәуелсіздігімізді айшықтайтын патриоттық әндер шырқалды. Әсіресе ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Нұрболат Сейтмұратовтың орындағын «Қазақтай ел қайда» әніне көрермендердің қошеметі ерекше болды.


А.Далабаева