Body: 

2019 жылдың 17-қаңтарында Жас маман мектебінің отырысы өтті.
Отырыс барысында жас оқытушыларға «Жарияланымға ұсынылатын материалға қойылатын талаптар» тақырыбында тиянақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар жас мамандарға жақын арада баспа бетіне мақала жариялауға тапсырыс жасалды.
Алдыңғы отырыста берілген үй тапсырмасы қарастырылып, сабақта оқулықпен және оқу мәтінімен жұмысты ұйымдастыру әдістері ұсынылды.
Колледж әдіскері Ж.Мылтыкбаева жас оқытушыларға уақыт әрқайсымызға берілген шектеулі ресурс екендігін мысалдар арқылы жеткізді. Уақытты тиімді пайдалану, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыру, өзіне талап қоя білу жолдарын тренингтер арқылы көрсете отырып, үйретті.
Жас мамандар алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын жоспардың маңыздылығы жайлы ақпарат алды. Нақты жоспар түрлері: қатаң және өзгермелі жоспар туралы теориялық материал зерделенді. Осындай жоспарларды құрудың мысалдары практикалық тапсырмалар орындау арқылы берілді.
Отырыс соңында кері байланыс жасалып, жас мамандар үйге тапсырма алды.


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.