Body: 

Дәстүрлі түрде жыл сайын «Тартқыш жылжымалы құрам және жол машиналары» кафедрасында өндірістік технологиялық тәжірибені тамамдаған 1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу» (тұрлері бойынша) , 1106000 «Темір жол жылжымалы құрам өндірісі» (түрлері бойынша) мамандықтарының студенттерінің конференциясы өткізіледі. Бұл оқу жылы бойынша 2019 жылдың 23 қаңтар күні колледждің акт залында аталмыш конференция өткізілді. Конференцияға тек әлеуметтік серіктестер ғана емес осы мамандықта оқитын 2,3 курс студенттері де қатысты. Өндірістік- технологиялық тәжірибе оқу үрдісіндегі ең маңызды бөлім болып табылады. Арнайы келісім шарт бойынша өндіріс орынға жіберілген студенттер, өздерінің алған теориялық білімдерін практикалық түрде шыңдап, толыққанды маман болып келеді.
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жунуспеков О.Х. және әлеуметтік серіктесіміз «ҚТЖ-Жүк тасымалы АҚ Ақмола бөлімі» Астана пайдалану локомотив депосы филиалы инженер-технологы Әлжанова Гүлзат Нұрланұызы сөз сөйлеп студенттерді құттықтады. Өз сөздерінде өндірістік орында болып, арнаулы құрылғылармен танысып, алдағы курстық жұмыстармен дипломға материал жинауға зор мүмкіндік беретін бұл тәжірибенің студенттер білімін бекітуге тигізер пайдасының мол екенін айтты.
4 кур студенттері Паней С, Оңал Қ, Котенко С, Баяхмет О. өздері өткен өндіріс орындары туралы жасалған слайдтарды көрсетіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Конференцияға қатысушы қонақтармен оқытушылар және студенттер баяндамашы студенттерді мұқият тыңдап, үлкен қызығушылықпен тамашалады.


А.Каримова