1 февраля- 2019
29 қаңтар 2019 жылы колледжде Астана қаласының «Қарсы» қоғамдық қорының мамандары А.И. Рыль мен Ә.Қ. Қанатов студенттер арасында «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу» және «Адам сату саудасы бойынша қылмыстың алдын-алу» тақырыбында дәріс-сабақ өткізді.
Дәрістің мақсаты – кәмелетке толмаған студенттер арасында және олардың отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу. Сонымен қатар қазіргі кездегі «Адам сату мәселесі» бойынша өте маңызды және мысал келтіре отырып ақпарат берді.
«Елімізде жыл сайын зорлық-зомбылық құрбандарының саны артуда. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңына сәйкес: тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).Тұрмыстық зорлық зомбылықтың бірнеше түрі айқындалады: күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Оның ішінде психологиялық зорлық-зомбылыққа ерекше тоқталып өтсек.
Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту» - деді өз сөзінде маман.
Екінші тақырып бойынша студенттерге аталмыш тақырып бойынша біраз мәлімет берді. «Қазіргі уақытта адамдарды саудаға салу аса ұлғайып қылмыстың бір бөлігіне айналып отыр. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша адам сату — адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау.
Адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көп жағдайда жастарды «айлығы жақсы, тұруға барлық жағдай жасалған, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді. Әдетте, мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 18-25 жас аралығындағы жастар, 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ұрынады.
Таныстарыңыз немесе шетелдік ұйымдар сізге шетелде жұмыс ұсынысын жасады ма? Олай болса, құл сатушылардың «желісіне» түсіп кетпес үшін мына кеңестерге құлақ түріңіз:
- Шетелде қызмет етуді ұсынатын агенттіктің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі беретін лицензия барын, оның заңды жұмыс істеп жатқанын біліңіз
- Шетелге шықпай тұрып, жұмысқа орналасу туралы келісімшартқа қол қойыңыз. Сізге қол қоюға берген келісім-шартты мұқият оқып шығыңыз, оның бір данасы өзіңізде қалуы керек. Сізге ұсынып жатқан қызметтің бір данасы өзіңізде қалуы керек. Сізді шетелге жіберіп жатқан фирмаға еш қатысы жоқ заңгермен кеңесіңіз. Келісім-шартта жұмыстың жағдайы, тұратын жер, жалақы және медициналық сақтандыру туралы айтылуы тиіс.
- Өз туыстарыңызға қайда, кіммен бара жатқаныңызды тұратын жеріңіздің мекен-жайы мен телефонын қалдырыңыз. Өзіңіздің туыстарыңызбен «егер белгілі бір уақыт аралығында хабарласпасам, онда басыма қауіп төніп тұрғанын білдіреді» деп келісіп алыңыз.
- Егер де Сіз бәрібір «құл сатушылардың» құрбанына айналып, алайда олардан қашып үлгерсеңіз, өз консулдығыңыздан немесе басқа елді мекеннен қолдау күткеніңіз дұрыс.
Есіңізде болсын! Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің құжаттарыңызды, көші-қон қызметі немесе құқық қорғау органдары өкілдерінен басқа ешкімге бермеңіз. Өз құжатыңыз тек сізге ғана тиесілі! Сақ болыңыз, кез-келген ұсақ-түйекке көңіл бөлгеніңіз дұрыс» - дұрыс деп сөз сөзін аяқтады.
Әлеуметтік педагог: Нұрқабыл Г.Ж.