Body: 

2019 жылдың 13 ақпанында Көлік және коммуникация колледжінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Болашақтың кілті – жастар» атты тақырыпта оқытушылар мен студенттердің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетова және ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Қалиев шақырылды.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды-деп басталған кездесуде елде атқарылып жатқан жұмыстарға қонақтар кеңінен тоқталды.
«Еліміздің болашағы - жастар. Бүгінгі жастар біліктілігімен білімі арқылы биік-биік белестерді бағындырады. Жастар өздерінің белсенділігін көрсетіп, еліміздің дамуына пайдасын тигізетін көптеген бастамалардың себепшісі бола алады»,- деді сенімді түрде сөз сөйледі Құндызай Ерімбетова. Сондай-ақ кездесу қонақтары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалаларына тоқталып, қазақ халқының әлемдік тарихтағы ролі мен орнын айқындайтын ең өзекті мәселелерін көтерді. Жастардың ұлттық рухы жоғары болу керектігін түсіндірген қонақтар оларды болашаққа нық қадам басуға шақырды.
Қонақтармен кездесу, тілдесу, өте жайлы да жылы өтті. Жарқын естеліктермен, тартымды әңгімелер айтылған ортада, жастар қызық пікір алмасты. Әңгіме барысында жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесу алғыс сөздерімен және естелік сый-сияпаттар табыс етумен аяқталды.

 

 

А.Ахметова