Body: 

2019 жылғы 20 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары көлік және коммуникация колледжі" МКК-да жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында «Жаратылыстану-математикалық пәндерді Smart оқыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, Астана қаласындағы "Өрлеу" орталығы, «Педагогикалық шеберлік орталығы» оқу мекемесі, Астана қ. ТжКБ оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Семинардың мақсаты: «Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту үрдісін жақсарту үшін әртүрлі Smart түрлерін қолдану жолдарын көрсету, студенттік өзін-өзі оқытуға бағытталған инновациялық тәсілдерін меңгеру деңгейін көтеру болып табылады.
Қатысушыларға арнап білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері А.А Назарбаев сөз сөйледі. Ол колледждерге жаңартылған білім берулі енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оқытушылар арасында осы тәжірибені таратуды ұсынды. Астана қаласының «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы В.И. Нурмағанбетова жаңартылған білім берулі енгізудің ерекшелігін түсіндірді.«Педагогикалық шеберлік орталығы» оқу мекемесінің әдіскері Ш.Е. Калихановамен студенттерді критериалды бағалаудағы өзгерістердің мәнін талқылады.
Семинарға қатысушылар қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу және дескрипторларды критериалды бағалау бойынша тренингке белсенді қатысты. Өздерін оқушы сезініп, химия сабағы бойынша сергіту сәті өткізілді. Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтықбаева студенттердің табыстылық деңгейін арттыру құпияларын ашты. Семинар өте қызықты және белсенді өтті.
"Өрлеу"БАҰО" білім беру ресурстары қолданылды. Педагогикалық шеберлік орталығының және педагогтардың жеке меншікті әзірлемелері де қолданылды.Қонақтар жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша жаңа білімді алу мүмкіндігін айта отырып, семинарды ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

 

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары
Л. Матвеева