Body: 

2019 жылдың 1 науырызында Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары көлік және коммуникация колледжі" студенттері көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнін атап өтті. Кітапхана қызметкері Мәншүк Омарова ақпарат сағатын өткізді. Ақпарат барысында Алғыс айту күнінің шығу тарихына тоқталып, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткендігі, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, көп ұлтты елдің бірлігін нығайтатын бастама болғандығын баса айтты. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Іс-шара тыңдармандар көңілінен шығып, отырыс соңы пікір алмасумен аяқталды.

 

 

Г.Жунусова