06 марта 2019
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 2 жұлдызында Елбасының «2019 жыл Жастар жылы» деп жариялануына байланысты және көктем мерекесі қарсаңында «Қыз өссе, елдің көркі» атты өнерлі, ажарлы қыздарымыздың сайысы өткізілді. Байқаудың мақсаты қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Байқауға түрлі топтан 12 өнерлі қыз қатысты. Сайыс келесі кезеңдерді қамтыды.
«Сәлем – сөздің атасы» - өз өзін таныстыру.
«Өнерлі өрге жүзер» - өз өнерлерін көрсету.
«Сұлудың сыры» - қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету.
«Ас - адамның арқауы» - қазақтың ұлттық тағамдары
«Білімді мыңды жығар» - сұрақ – жауап.
Сайыстың қорытындысы бойынша БАС ЖҮЛДЕ 2ОДД-217 тобының студенті Ақжанова Маржанға «Колледж аруы-2019» атағы берілді. І орынмен 3Д-216 студенті Жұмабай Мадина, ІІ орынмен 1РЭС-218 студенті Қожантаева Аделя, ІІІ орынмен 1ЭМ-418 студенті Құрманаева Әселге бұйырды.
Жарыста өздерінің инабатты, сымбатты, тапқырлық сияқты жан-жақты қырларымен көзге түскен сайысқа қатыстқан қыздар түрлі номинациялармен марапатталды. Жүлделі орын алған қыздарымызбен номинация иелеріне бағалы сыйлықтар мен арнайы диплом табыс етілді.
Әсем әнмен, көрікті бимен, көркемделген сайыс көрермен ықыласына бөленіп, келген қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.
Г. Мырзагалиева