Body: 

2019 жылғы 13 наурызда Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжінде "CLIL әдісі бойынша мамандарды даярлау кезінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту" тақырыбында курстан кейінгі әдістемелік семинар өтті. Семинарға білім беруді жаңғырту орталығы, "Өрлеу"БАҰО" АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ өкілдері, қаланың ТжКБ оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Семинардың мақсаты-CLIL әдісін таныстыру, оқытушыларға арнайы пәндерді оқыту кезінде CLIL әдістерін қолдануға мүмкіндігін беру.
Қатысушыларға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Е. Есенбекова арнайы пәндерді оқыту кезінде CLIL технологиясын енгізу тәжірибесін тарату маңыздылығына назар аударуды атап өтті.
CLIL технологиясы (Contentand Language Integrated Learning) бір сабақта пән мен шет тілін оқытуды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл қазіргі заманғы маманға өте қажет.
Жас педагогтар Кайдарова Г. К., Шүрен Ж. Б., Бақыт Ұ., Есенжол Д. К. ойын түрінде CLIL технологиясын пайдалану арқылы қысқа сабақтар ұсынды, колледж зертханалары бойынша видеоэкскурсия және "Trueorfalse?" викторинасын өткізді.
Семинар өте қызықты және белсенді өтті. QuizletLive порталының материалдары пайдаланылды.
Колледж директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. И. Матвеева семинарды қорытындылап, кәсіптік көптілділікті дамыту бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарланған жаңалықтар туралы айтты.

 

 

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Матвеева