Body: 

28 наурыз күні №2 студенттер үйінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Салтанатты шараның басты мақсаты жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік және ұлтжандылық қасиеттерді сіңіріп, салт дәстүрлерімізді ұлықтау болды. Шараға №1 студенттер үйінің студенттеріде ат салысты. Арнайы қонақ ретінде шақырылған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Ғалиасқарқызына мерекенің ашылу сөзі берілді. Өз сөзінде студенттерді колледж директорының атынан ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаған Гүлмира Ғалиасқарқызы студенттерге оқуда табыс, өмірде бақыт тіледі. Сөз соңында студенттер үйіндегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан және спорттық жарыстардан жүлделі орын алған студенттерді марапаттады.
Концерттік бағдарлама барысында студенттер мерекенің шырайын келтіріп, ән салып би билеп өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылмен наурыз мейрамының арасында болған қайым айтыс көрермендерге мәнділігімен әрі қызықтылығымен ұнады. Бірі жаңа жылдың жақсылығын мадақтаса енді бірі Самарқанның көк тасын еріткен ұлыстың ұлы күнін жырына қосты. Қайым айтыстан кейін ортаға шығып жиналғандардың көңілін көтерген қызбен жігіт айтысы мерекенің көрігін қыздырды. Жыл басылырын айтып бір біріне астарлы әзілдерден өлең шумақтарын арнаған ақындардың өнеріне таңғалмаған жан болмады. Асыл өнеріміз айтыстан соң көңіл толқытар күй де шертілді, би де биленді. Мерекеге қатысушылардың бәрі көңілдері көтеріліп, ұйымдастырушыларға дән риза болып тарқасты.

 

 

№2 студенттер үйінің тәрбиесісі А.Р. Заитов