5 Сәуір 2019
2019 жылдың 4-сәуірінде астаналық оқушылар сарайында «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі» қалалық конкурсының екінші кезеңі өтті.
Қалалық жарыстың бірінші кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінің әдіскерлері мен 10 колледждің әдіскері қатысты. Бірінші іріктеу кезеңінен тек 10 қатысушы өтті. Оның ішінде колледж қатысушылары төртеу. Колледжіміздің намысын әдіскер Мылтыкбаева Жаннат Төлеубекқызы қорғады.
Конкурстың екінші айналымында «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі» қорғалып, кәсіптік сұрақтардан тестілеу өткізілді.
Әдіскер Ж.Т.Мылтықбаева колледждің әдістемелік жұмысының тиімді моделін жоғары жылдамдықты жүрдек экспресс түрінде ұсынды. Жобаны визуализациялау үшін «Talgo» жүрдек поезының макеті жасалынып, көрсетілді. Макетті колледж студенттерінен құралған имидж тобы ұсынды.
Конкурс нәтижесінде он қатысушының тек үшеуі ғана жүлделі орындарға ие болды. Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтықбаева жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жаннат Төлеубекқызын шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!
Директордың ОӘЖ орынбасары Л.И.Матвеева