Body: 

Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының Павлодар бөлімшесі Инновациялық Еуразия университетімен бірге 2019 жылғы 11 және 12-сәуірде Еуразиялық Инновациялық университетінің негізін қалаушы, профессор Қажыкен Кабышевич Қайдаровтың 80 жылдығына арналған "Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа қадам" атты XLV ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысы 18 секция бойынша өткізілді. Оған ЖОО және колледж студенттері, мектеп, гимназия, лицейдің оқушылары арасынан 364 адам қатысты.
Біздің колледждің атынан "Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)" мамандығы бойынша үшінші курс студенттері Стеценко Андрей мен Алексей Русаков, жетекшісі С. А. Муравьева қатысты.
Олар "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" секциясында инновациялық жобаларын қорғады және үздік нәтижелер көрсетті. Конференцияның соңында 1, 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, баламалы энергия көздері бойынша инновациялық жобаларымен Стеценко Андрей және Русаков Алексей Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде орналасқан "Энергия үнемдеуші технологиялар" атты ғылыми-зерттеу институтына барды.
Институттың жұмыстарының негізгі бағыттары энергетика, аграрлық, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, экология және қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Іс-шараның мақсаты- студенттерді гибридті электр станциясы және оның кейінгі кезеңдері, қолданылу әдістерімен танысу, іс-тәжірибесіне енгізу болды.
Студенттер техника ғылымдарының докторы, профессор В.Ю. Мельниковпен кездесті. Олар энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігі туралы толғандыратын сұрақтарына жауап алды. Стеценко Андрей мен Русаков Алексей қолданыстағы зертханалық құрал-жабдықтарымен танысты.

 

 

"Жасыл энергетика" үйірмесінің жетекшісі,
арнайы пәндердің оқытушысы С. А. Муравьева