Body: 

2019 жылдың 14 сәуірінен бастап Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумынан келген делегация өкілдері Жоғары көлік және коммуникация колледжіне ресми сапарын бастады. Делегация құрамында бөлім меңгерушісі Надежда Владимировна Губа және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген 4 студент бар. Сапар аясында теміржол көлігін дамытудың өзекті мәселелері бойынша жоспарланған дәрістер, зертханалар және тренажерлардағы оқу сабақтары өткізіліп, спорттық жарыстар көрсетілді. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның орталығында болып, оның қызметкерлері мен мұражайымен танысты. Сонымен бірге біздің еліміздің көрікті жерлерін аралады.

 

 

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары Л. Матвеева