Body: 

2019 жылғы 19 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Қазақстандағы жастар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің "ХХІ ғасырдағы ғылым мен жаңа ұрпақ"атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Осы жыл сайынғы іс-шара- ғылыми, қолданбалы және білім беру сипатында және біздің республикамыздың ғана емес, Ресей Федерациясының колледждерімен өзара қарым-қатынасының жарқын үлгісі болып табылады. Өткізу мақсаты - көлік-логистика жүйесінің, сандық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің, энергия тиімділігі саласындағы инновациялардың өзекті мәселелерін зерттеуге студенттердің қызығушылығын ояту, сонымен қатар біздің мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту.Осы жылғы конференцияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласына келген Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумының студенттері қатысты.
Конференция жұмысы пленарлық отырыстан басталды. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есенбеков Алтынай Есенбекқызы қатысушыларға және қонақтарға колледж директорының атынан өзінің тілегін білдірді. Конференция қатысушыларына Білім беруді жаңғырту орталығының ТжКБ бөлімінің әдіскері Сұлтан Егеубаева және Жанар Бахытжановна құттықтау сөз сөйледі.

Ресей Федерациясынан келген делегация жетекшісі, Санкт – Петербург темір жол көлігі техникумының бөлім меңгерушісі Надежда Владимировна Губа "СПТЖТ және ВКТК студенттерінің академиялық ұтқырлығы"тақырыбында баяндама жасады.
Санкт-Петербург қаласының студенті Васильев Константин "Сандық темір жол" ғылыми-техникалық жобасының инновациялық белсенділігі" тақырыбында өте өзекті және қазіргі заманға сай тақырыпта баяндама жасады. "Хакатон – идеялар конкурсы" байқауына қатысқан колледжіміздің студенті Стеценко Андрей өз тәжірибесімен бөлісті.

Одан әрі жұмыс 6 секция бойынша жалғасты, онда студенттердің 90-нан астам баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ макеттер, модельдер және басқа да жобалар ұсынылды.
Конференцияға қатысушылардың жұмыстарын Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушы құрамы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, әлеуметтік серіктестер, "Атамекен"өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері құрамындағы білікті сарапшылар бағалады.
Сарапшылар студенттердің жұмыстарына жоғары баға беріп, оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Үздік баяндамалар Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының дипломдарымен, ал ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция жұмысына белсенді қатысқан колледж ұжымына, сондай-ақ сарапшыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 

 

Әдіскер С.Хайруллина