Body: 

2019 жылғы 14-20 сәуір аралығында Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумынан Нұр-сұлтан қаласының Көлік және коммуникация жоғары колледжіне делегация келді.
Делегацияны техникум бөлімінің меңгерушісі Губа Надежда Владимировнаның басшылығымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 4 студент, Алексеев Никита, Васильев Константин, Патокина Ксения және Соловей Илья келді.
Сапары аясында Н. В.Губа теміржол көлігінде жоғары жылдамдықты қозғалысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша дәріс оқыды. ДСП/ДНЦ тренажерінде сабақтар мен оқу тәжірибелерін ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізді.
Оқытушылар Касымова С. Ж., Абильдинов К. Т., Тарасова Е. Б., Осташова Л.А. колледж зертханаларында және тренажерларда ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында машинист және оның көмекшісімен пойыз жүргізу, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, Multisim 12.0 схемотехникалық моделдеу виртуалды бағдарламасында схемаларды жасау дағдылары қайталанды.
Бір-бірімен жақын танысу үшін "Теміржол көлігі және тек қана емес" атты танымдық викторина өткізілді, онда Қазақстан мен Ресей студенттері теміржол көлігі бойынша білімдерін көрсете алды. Достық қарым-қатынас аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері- "Шашу" және "Көрісу", "Асық"ұлттық ойыны көрсетілді. Викторинада достық жеңді.
Ал спорттық және жарыс рухын қолдау үшін колледжде волейболдан, армрестлингтен және "Қазақ күресі"ұлттық күресінен чемпионат өтті. Қонақтар Санкт-Петербург техникумын лайықты көрсетті. Никита Алексеев күрес бойынша 2-ші орынды иеленіп, армрестлинг бойынша Илья Соловеймен 3-ші орынды бөлісті.
Сонымен қатар, "Қазақстан теміржолы"Ұлттық Компаниясы"АҚ персоналды бағалау және дамыту орталығымен және мұражайымен танысу, сондай–ақ Астананың көрікті жерлеріне -ЕХРО-2017-дегі "НұрӘлем" Қазақстанның ұлттық павильоны, Бәйтерек, "Назарбаев орталығы" кітапханасы, Хан-Шатыр, "Астана Опера" театры, "Ailand"отбасылық демалыс орталығының океанариумы және т.б. барып қайтты.
Балалар көптеген жаңа әсер мен жағымды эмоциялар алды, тағлымдамаға өте риза болды. Санкт-Петербург теміржол көлігі техникумы мен Нұр-сұлтан қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжі арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасатын болады!

 

 

Заместитель директора по УМР Л. Матвеева