Body: 

Соңғы жылдары темір жолдағы қайғылы жайттарға ұшырап жатқан жасөспірімдердің жиілеп кетуі барша қоғамды алаңдатуда. Бір сәттік қызық үшін ойнап немесе суретке түсу мақсатында электр тоғына күйіп, пойыз астында қалған жастардың саны көбеюде. Сол үшін де түсіндіру мен алдын алу шараларын өткізу аса маңызды екені анық.
Осы мақсатта 2019 жылындағы сәуір айының 23 күні колледж студенттерімен Астана қаласының электрмен жабдықтау қашықтығының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының инженері Мадиев Аян Ертугановичпен «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында 2019 жылы Ақмола бөлімшесінің станцияларында және Нұр-Сұлтан қаласында болған қайғылы жағдайларға талдау жасалып, қайғылы оқиғалардың орын алу себептері студенттерге түсіндірілді. Темір жолда жүру ережелері толық айтылып, жолдан өту кезінде абай болулары керек екені ескертілді. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г. Мырзагалиева