21 Май 2019
Үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 – жұлдызында №2 студенттер үйінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан: «Ер намысы ел қолында,ел намысы ерлер қолында!»-деген ұлағатты сөзді жастар санасында жаңғырту мақсатында «Біздің жігіттер, жігіттер!» атты жігіттер сайысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты ұлдарымызды отансүйгіштікке, өз елінің салт-дәстүр, әдеп-ғұрпы сияқты рухани құндылықтарын бағалай білуге және Отан үшін айтулы істерге дайын болуға дәріптеу болды. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тимді де пайдалы өткізе білуге баулуды мақсат еткен жігіттер сайысы есте қаларлықтай өтті.
Жігіттердің жан-жақтылығын айшықтайтын сайыс төрт бөлімнен тұрды. Бірінші кезең танысу: «Біздің жігіттер, жігіттер!», екінші кезең өнер көрсету: «Өнерім-өмірім», үшінші кезең интеллект сайысы: «Білген - көптік етпейді», соңғы төртінші кезең білек күші мен ептілік: «Спорт – менің ажырамас серігім».
Студенттер үйінің 9 жігіті өз намыстарын бәске тіге отырып ортаға бар білгендері мен өнерлерін салды. Сайысты тәрбиеші Заитов Алмас Рифхатұлы жүргізсе, қазылар алқасының төрайымы колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Мырзагалиева Гүлмира Галиасқарқызы болса, алқа мүшелері колледж оқытушысы Бекболатұлы Серікбол, колледж мақтанышы дзюдо күресінен ел чемпионы 4 курс студенті Бекімбетов Абылай қазылық етті.
Студенттер үйінің ауыспалы кубогі бәйгіге тігіліп, көрермен қошеметімен қолдау алған бұл әсерлі сайыс кешінің қортындысында құрамы Қайрат Д, Алмат Б, Букесов Д. жасақталған 3-қабаттың «Перваши» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Студенттер: Оспанов Р. «Білекті жігіт». Алмат Б. «Өнерпаз жігіт»,Утепбергенов Т. «Көрермендер көзайымы» номинацияларын иеленді. Сайысқа белсене қатысқан басқа да студенттердің барлығы алғыс хаттармен марапатталды. Колледж директорының ТЖ орынбасары Мырзагалиева Гүлмира Галиасқарқызы марапат барысында сайыс ұйымдастырушылары мен оның қатысушыларына ауызша да алғыс айтып, алға өрлей беріңдер! - деген тілегін білдірді. Кеш естелік суретке түсумен тәмәмдалып, соңы би кешіне ұласты.
Кеш ұйымдастырушысы: тәрбиеші – Заитов А.Р.