Body: 

2019 жылдың 20 мамыры күні колледжде «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Исақұл Алан Абдісерікұлымен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты студент жастар арасында «Таза сессия» акциясын жүзеге асырып, білім беру саласындағы жемқорлықтың алдын алу болды.
Қазіргі таңда елімізде ғана емес бүкіл әлемде кең етек жайған жемқорлық дерті тек қана белгілі бір салаларды ғана қамтып сол салаларды ған күйзеліске әкелмей, тұтас елді сергелдеңге салуда. Әсіресе елдің дамуымен болашағына тікелей әсер ететін білім саласындағы жемқорлық дауы толастар емес.
Студенттермен оқытушылар арасындағы алыс берістің зиянымен жәй жапсары туралы толық мәлімет берген тәжірибелі маман, жастарға жемқорлықтан сақтану керектігін қатаң ескертті. Жемқорлыққа қатысы болған әр адам, яғни алушы және беруші тараптың екеуі де Қазақстан Республикасының ата заңымен жазаланатыны туралы айтып, конституцияның бірнеше баптарына тоқталды.
Сөз соңында студенттердің қойған сұрақтарына толық жауап берілді. Кездесу соңында көрсетілген бейне роликте еліміздегі және әлемдегі жемқорлық деңгейі көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық жайлы толық ақпарат берілді.
Студенттер алған білімнің өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісімен байланыспауға көмектесетініне сенгіміз келеді. Жастар жемқорлыққа қарсы! Болашақ жас ұрпақ үшін!

Бахыт У.