Body: 

2019 жылдың 31 мамырында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің кітапхана қызметкері Мәншүк Омарова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 31 мамыр-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қызыл қырғын құрбандары» тақырыбында библиографиялық сағат өткізді. Мақсаты: Білім алушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Шара барысында осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы екенін айтаылды. 30-жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстауы үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналғаны туралы айтылып, Сталиннің тұсында Қазақстанда 11 мемлекеттік басқару лагері болған. АЛЖИР және КАРЛАГ, ГУЛАГ түрмелерінде жазасын өтеген тұтқындардың басынан өткізген қиындықтарын баяндайтын бейне фильмдер көрсетілді.

Кітапхана меңгерушісі Г. Жунусова