31 Май 2019
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтеді. 1949 жылғы қазан айында Париж қаласында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер.федерациясының конгресс шешімімен бекітіліп, алғаш рет 1950 жылдан бастап аталып өткізіле бастады. Бұл күні әртүрлі қайырымдылық акциялар өткізіліп, сыйлықтар мен тосын сыйлар беріледі.
Осы мереке қарсаңында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының депутаты З.С. Гаипов және колледж өкілдері 2019 жылғы 31 мамырда "Үміт" дағдарыс орталығының бүлдіршіндері, ата-аналары мен қызметкерлеріне "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты іс-шара өткізді. Колледж басшысы Зулфухар Сұлтанұлы барлығына денсаулық, ашық аспан, қуаныш-күлкі және тезірек сауығып шығуларына тілек білдірді. Орталықтың әрбір сәбилеріне естелік сыйлықтар, ойыншықтар мен киім-кешектер берілді. "Үміт" дағдарыс орталығының басшылығы бәріне алғыс білдірді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Мырзагалиева Г.Г