Body: 

Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерді толғандырып отырған басты мәселе – ол өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауы. Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 20 маусым күні қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Биылғы жылы колледжге бөлінген 325 орын мемлекеттік гранттың 25 орны қолданбалы бакалавр студенттеріне арналды. Колледждегі қабылдау комиссиясының жұмысының басталуы нағыз мерекеге ұласты. Аспанда қалықтаған шарлар, қызыл кілем, ең бастысы - жүздерін қуаныш кернеген, көңілдері толқыған талапкерлердің өздері. Жас талапкерлердің білім алатын оқу орындары мен мамандықтарын таңдауы, өміріндегі есте қалар сәттердің бірі, маңызды қадамдары болды. Колледждің болашақ студенттерін колледж директордың міндетін атқарушы Л.И.
Матвеева мен «Қамқор локомотив» ЖШС біріңғай диспетчерлік орталығының диспетчері, колледж түлегі Сакеев Саят құттықтап, болашақта озат оқып таңдаған мамандықтарының иесі болуды тіледі. Сонымен қатар биылғы жылдың түлегі, үздік үлгідегі диплом иегері Абдулхамитов Әділ талапкерлерге осы колледжді таңдау арқылы өзінің толық қанды бәсекеге қаблетті маман болып шыққанын және барлық талапкерлерге ерінбей оқу керек екенін жеткізді.
Алғашқы күннің өзінде балалар саны көп болды. Кез келген мерекенің өзіндік тосынсыйы болады емес пе? Осы күні колледжімізге бірінші болып құжаттарын тапсырған 10 талапкер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Е.Д. Байдильдин