22 август 2019
2019 жылғы 28-29 тамызда студенттер үйіне студенттерді орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Жатақханалардағы орындар "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11408 болып тіркелген "Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) анықтама ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді."
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Мекен-жайы: Конституция көшесі, 9 - № 1 студенттер үйі
Уақыты: 14.00-18.00
Кәмелет жасқа толмаған білім алушылар студенттер үйіне заңды өкілінің қатысуымен қабылданады.
Білім күніне арналған салтанатты жиын 2019 жылғы 1 қыркүйекте сағат 10.00-де өткізіледі. Колледжге 9.00-ден бастап келеді.