03 сентября 2019
Биылғы 1-қыркүйек білім күні өзге мерекелерден ерекше түрде өтті. Күздің алғашқы күнімен қатар келген ауа райының қолайсыздығына қарамастан жиналған ата-аналар мен жаңа студенттердің саны көп болды. Мектепті енді ғана тәмәмдап колледж студенттері атанғалы тұрған жастардың ыстық қуанышын Арқаның салқын желі суыта алмады. Барлығы бір кісідей қойылған мерекелік іс шараны тамашалады. Тәуелсіздігіміздің белгісі Мемелекеттік туу әкелініп ән ұран шырқалған соң салтанатты ашылу сөз колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қалалық маслихатының депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлына берілді. Директор бірінші курс студенттерін және олардың ата-аналарын, колледж ұжымын жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде Зулфухар Сұлтанұлы биылғы бірінші курс студенттерінің ерекше кезеңде – колледждің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында оқуға түскендерін айтып алдағы айтулы шараға белсенді ат салысулары керектігін еске салды. Сонымен қатар колледжіміз Нұр-Сұлтан қаласының үздік колледжі атанып, он миллион теңге көлеміндегі әкімнің силығына ие болғанымен құттықтады. Соңғы жеті жылда үшінші рет жеңіп алған бұл жетістігіміз колледжде берілетін сапалы білім мен жүйелі тәртіптің айғағы екенін баса айтты.Директордың құттықтау сөзінен кейін коледж табалдырығын енді ғана аттаған Баеке Жансаяның әні жиналғандарға керемет көңіл күй силап, колледж өнерпаздарының талантты жастарға толығып жатқанын көрсетті. Құттықтау сөз кезегін алған колледжіміздің құрметті профессоры, ардагер Титенков Леонид Петрович соңғы жылдардағы колледждің жеткен жетістіктерінің өте мол екенін және оған шын жүректен қуанатынын жеткізді. Сан жылдар осы колледжде еңбек етіп қадірлі еңбек демалысына шыққан ақсақалымыз жиналғандарға және бірінші курс студенттеріне ақ тілегін, колледж басшылығына зор алғысын айтты.Құрметті сөз кезегін алған колледжіміздің 2007 жылғы түлегі, «ҚТЖ» АҚ ҰК адами ресурстарды басқару департаментінің «Ішкі коммуникация мен ұжымдық мәдениетті дамыту» бағытының бас менеджері Серіков Замир Серікұлы колледж ұжымын және студенттерді Нұр-Сұлтан қаласының үздік колледжі болуымен және колледждің 75 жылдық мерей тойымен құттықтады. Колледждің әр жеңісіне қуанып отыратын колледж түлегі «Жоғары көлік және коммуникация» колледжінде білім алғанын мақтан ететінін, өз өміріне колледждің берген тәлім тәрбиесінің көп пайдасы тигенін айтып ұстаздарына зор алғысын жеткізді. Салтанатты жиыннан кейін 1 курс студенттері оқу аудиторияларына өтіп, өздерінің топ жетекшілерімен және құрдастарымен танысты.
Жастар комитетінің инспекторы Ұ. Бақыт