Body: 

2019 жылдың 5 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының №5 қалалық емханасына қарасты «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының әлеуметтік қызметкері Косулина А. В. мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзагалиева Г. Г. қатысуымен колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу «Тұрмыстық және жол - көліктік жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында өтті. Кездесудің басты мақсаты білім алушы әр бір студент жол ережесінің сақталу тәртібін және көліктік жарақаттанулардың алдын алу шараларын жан - жақты біліп отыру болды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып, алғыстарын білдірді.

Колледж мейірбикесі М. Исмаилова.