07 сентября 2019
2019 жылдың 06 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында және колледжімізде бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.
Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге арналған лекцияны колледждің жастар ісі комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы өткізді. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан адалдық сағатына колледждің 150 студенті қатысты.
Ұраны – «Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет» болған адалдық сағатында осы маңызды мәселе бойынша 2014 жылы жиырма алтыншы желтоқсанда 2015-2025 жылдарға арналып қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия толық баяндалып ҚР конституциясында көрсетілген жемқорлық туралы заңдар айтылды. Жемқорлық – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Сол үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалады. Лекция барысында тақырыпты ашатын бейнероликтер көрсетіліп, республикадағы соңғы үш жылдағы жемқорлық факторларының статистикалық кестесі ұсынылды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мырзагалиева