Body: 


2019 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттеріне колледжіміздің еңбек ардагерлері, құрметті темір жолшылар Титенковым Л. П. және Р. В. Плахотнюк арнайы шақыртылып, кездесу өткізілді.
Бұл кеште Титенков Леонид Петрович өзінің өмір жолы, колледждің құрылу тарихы туралы айтып өтті.
- «Теміржол маған бала кезімнен ұнайтын. 1962 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумының "Жол және құрылыс машиналары" мамандығы бойынша білім алдым, механизатор болып жұмыс істедім»-деп өзінің мамандығы туралы әңгімелеп, студенттік өмірі мен тәжірибесімен бөлісті.
Леонид Петрович -еңбек жолын 1967 жылғы 13 қаңтардан бастап техникумында өндірістік оқыту шебері қызметінен бастады. 1980 жылы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол қызметін 25 жыл бойы абыроймен атқарып, 1990 жылы "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталды. Бұл техникум қызметкерінің алғашқы марапаты болатын.
Сол кездегі Целиноград темір жол көлігі техникумы аталған осы колледжді 41 жыл бұрын бітірген, колледжіміздің тағы бір түлегі - Плахотнюк Римма Васильевна "Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығы бойынша бітірді. Өзінің өмір жолын техникум кезінен бастап, қазіргі Жоғары колледж дәрежесіне жеткенге дейінгі сәттерден естеліктер айтып өтті. Өзімен бірге бітірген достары жайлы, спорттық-қоғамдық өмірлері, «Үздік колледж» дәрежесін жеңіп алу сәттері, коледждің материалдық базасы, әлеуметтік серіктестері туралы да айтып өтті.
Осындай қызықты кездесу кезінде студенттер өздері қызықтырған әртүрлі сұрақтарын қойып, әсерлі жауап та алды.
Кеш қонақтары - студенттерге колледждің барлық іс-шараларына қатысуға шақырды. Өз мамандығын сүю, алдына жоғары мақсаттар қою, жаңа ақпараттарды үйреніп, меңгеріп алудың қажеттігі, заман талабы екендігін айтып, тілектерін білдірді.