21 сентября 2019
2019 жылғы 21 қыркүйек күні колледж директоры З. Гаиповтың бастамасымен елордамыздың көркін келтіріп, шырайын ашу мақсатында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде және екі студенттер үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді. «Біз таза қала үшін» ұранында өткен сенбіліктің мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды еңбекке баулу болды. Тазалық барысында колледж аумағымен қатар жақын орналасқан шағын аудандар, жолдар, көлік тұрақтары, №1 және №2 студенттер үйінің аулалары толық тазартылды. Студенттер, оқытушылар және колледж қызыметкерлері толықтай еңбек құралдарымен қамтамасыз етіліп, белсенді жұмыс жасады.
Аталған шараға жалпы саны 950-ге жуық адам қатысты. Елордамыздың сәнін келтіруге тырысқан студенттеріміз бен оқытушыларымыздың күш-жігерін ынталандыру мақсатында сенбілік жұмыстары әсем әнмен өрнектеліп отырды.
ЖІК инспекторы Бақыт Ұланбек