15 октября 2019
2019 жылдың 14 қазан күні колледжде студенттермен Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Дощанова Нэлля Нуруллаевнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтық білімдерінің деңгейін арттыру болды. Нэлля Нуруллаевна өз сөзінде «кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептелетінін, олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейтінін» айтты. Сонымен қатар, жазаның негізгі түрлеріне де тоқталды. Дәріс барысында білікті маман Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша әкімшілік жазалардың түрлері туралы, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу, қоқым тастаған жағдайда 3 айлық есебінде айыппұл төленетіні туралы мәлімет берді. Қылмыстық кодекс бойынша бопсалаушылық, зорлық көрсету баптарындағы кәмелет жасқа толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріне де тоқталды.Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды. Сондай-ақ болашақта құқықбұзушылықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсінді.
Әлеуметтік педагог Г. Нұрқабыл