Body: 

Қазақстан Республикасында жаңа жоғары технологиялық өндірістер құру мақсатында мемлекеттік қолдау негізінде жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған саясат іске асырылуда. Осы тапсырманы сәтті орындау орындау үшін арнайы пәндер оқытушылары ҚР ҰКП Атамекен өткізген «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» оқытушысының кәсіби біліктілігін дамыту» тақырыбында ШЖҚ «Жоғарғы көлік және коммуникация колледжі» МКК аумағында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» атты факультативтік сабақтардың жүргізілуіне жол берді.Аталмыш бағдарлама ҚР БжҒМ қолдауымен Рухани Жаңғыру «Іскер Азамат – Ел Тірегі» атты жоба негізінде іске асырылуда. Колледждің 3 курс студенттері бекітілген кестеге сәйкес іскерлік мәдениетті қалыптастыруды, бизнес-идеяны жоспарлауды, мақсатты аудиторияны зерттеуді, уақытты тиімді пайдалану әдістерімен жұмыс жасайды. Қосымша тәжірибелік дағдылар мен білім алу мақсатында 17 қазан күні ҚР ҰКП Атамекен» бизнес-жаттықтырушысы, кәсіпкер Ақбердиев Арман Танбайұлы шақырылды. Мастер-класс барысында Арман Танбайұлы бәсекелес нарықта кәсіпкер ретінде жұмыс жасаудың баға жетпес тәжірибесімен бөлісті. Ол идеялар мен олардың тәжірибеде қалыптасуын ұштастыруды, маркетингтік әдістер мен құралдарды тиімді пайдалануды, тауарларды сату стратегиясының жұмысы туралы айтып, студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Сөзінің соңында Арман Танбайұлы кездесуге шақырылғанына ризашылығын білдіріп, жастарға белсенділік, мақсаттылық пен өз күштеріне сенуді тіледі.