16 октября 2019
2019 жылғы 11 қазанда 1203000 "Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының 1Д-119 тобының студенттеріне өздерінің болашақ мамандықтарымен танысу мақсатында Нұр-Сұлтан 1 станциясындағы "Жүк тасымалдау" -"Ақмола жол бөлімшесі"- "Қазақстан темір жолы" АҚ филиалына экскурсия ұйымдастырылды.Станция қызметкерлері бірінші курс студенттеріне қызықты экскурсия өткізді. Кездесудің басында темір жол көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері туралы техника қауіпсіздігінің инженері нұсқаулықтармен таныстырды. Бұдан әрі станцияның техникалық бөлімінің бастығы студенттерге темір жол көлігінің құрылымы және станциясындағы негізгі техникалық құралдар туралы айтып өтті. .Студенттер әр түрлі локомотивтер мен жүк вагондарының түрлері, теміржол бұрмалар, бағдаршамдарды көрді Сонымен қатар, балалар шаруашылық қозғалысын басқаратын жетекші мамандардың негізгі лауазымдық міндеттерімен танысып, сигнал беруші және бағыттамалық пост кезекшісіне дейін станция кезекшінің және станциялық диспетчердің жұмыстарымен танысты. Әсіресе көлік қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар, жауапкершілік және тәртіптері атап өтілді. Студенттер үшін ең қызықты болған сәті - ЭЦ-2 станция – бекетінде балалар өз көздерімен станциялық диспетчердің және станция бойынша кезекшінің жұмысын көрді. Қызметкерлердің жүк пойыздарынын қабылдау және маневрлік жұмыстарды өткізу кезіндегі поезды қабылдау маршруттын бақылауды өткізу туралы келіссөздер жүргізуді көрді.
Әрине, экскурсия соңында балаларда көптеген сұрақтар қойды, олардан қызықты жауаптар да алды. Экскурсия өте қызықты және мазмұнды өтті.
Кездесудің соңында станция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Арнайы пәндер оқытушы Р. И. Видергольд