Body: 

2019 жылдың 4-14 қазан аралығында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне орай онкүндік аталып өтті. Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Колледжде білім және тәрбие беру, құқық қорғау органдарымен серіктестікті нығайту, кәмелетке толмаған қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу және репродуктивті денсаулығын қорғау, сапалы медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру мақсатында жұмыстар ұйымдастырылды.14 қазан күні аталған іс-шара аясында колледж педагог-психологтары Э.С.Бегалиева мен Ғ.Универқызы 2 курстың қыздарымен «Қыз – қылығымен көрікті» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қыздармен - ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді қолдау, адамгершілікке, инабаттылыққа, нәзіктікке баулу, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және көшбасшы тұлға болып жетілуі туралы әңгімелесе отырып, жан-жақты талқыланды. Колледж мейірбикесі М.Д. Исмаилова «Қыздар гигиенасы», «Ерте жыныстық қатынастың зардаптары» тақырыптары бойынша кеңестер берді. Дөңгелек үстел жайлы және сенімді жағдайда өтті, қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

Педагог -психолог Э.Бегалиева