Body: 

2019 жылдың 18 қазаны күні колледжде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының психологы Майра Нәмгенқызы Құнанбаева мен колледждің әлеуметтік педагогы Гүлден Жеткергенқызы Нұрқабылдың ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру» атты қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: қаланың әлеуметтік педагогтарымен тәжірибе алмасу, тақырыпқа байланысты туындаған сұрақтарды талқылау. Семинар барысында Гүлден Жеткергенқызы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, жұмысы барысында негізге алатын нормативтік-құқықтық актілерімен таныстырды. Семинар соңында біршама сұрақтар ортаға салынып, талқыланып, толық жауаптар алынды.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Мырзагалиева