Body: 

2019 жылдың 2 қарашасында колледжде Елбасы кітапханасы, «Ақиқат» пікірсайыс клубы мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен елордалық колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі кубогы үшін пікірталас турнирі өтті. 2018 жылы турнирдің жеңімпазы атанған Жоғары көлік және коммуникация колледжінің командасы болғандықтан, биылғы жарыс біздің оқу ордасында өткізіліп, өзге колледждердің командаларын қарсы алды.
Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова кітапхананың әртүрлі мәдени-ағартушылық қызметі туралы айтып, «Ақиқат» пікірсайыс клубының жұмысына тоқталды:
клубының жұмысына тоқталды:
–Клубтың негізгі міндеттері – қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелерін талқылау, көпшілік алдында көсіліп сөйлеу өнерін жетілдіру, өз ұстанымын дәлелдеп, өзіндік көзқарасын қорғай білу. Жыл сайын пікірталас турниріне қатысатын командалар мен қатысушылар саны артып келеді. Биыл турнирге қатысқысы келетіндер саны елордалық 15 колледжден 200-ге жуық адамды құрады.
Биылғы жарыстың негізгі тақырыптары – білім мен ғылым саласындағы инновациялар. Турнир үш іріктеу кезеңінен және қорытынды ойыннан тұрды. Барлығы 50 команда қатысты, олардың: 32 қазақ тілінде болса, 18 орыс тілінде.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Қазақ лигасы:
1 орын: Жоғары көлік және коммуникациялар колледжінің «Кешірініздер» командасы;
2 орын: Гуманитарлық колледждің «Жеңіс біздікі» командасы;
3 орын: Гуманитарлық колледжінің «АГК-1» командасы.
Орыс лигасы:
1 орын: Гуманитарлық колледжінің «АГК-мечта» командасы;
2 орын: «Лингва» колледжінің «Young Hearts» командасы;
3 орын: Гуманитарлық колледждің «АГК-Stars» командасы.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаз командалар, үздік спикерлер, жаттықтырушылар мен турнирдің судьялары бағалы сыйлықтарға ие болды.
Турнирге қатысушылар мен ұйымдастырушылар колледждің қонақжай ұжымына зор алғыстарын жеткізіп тарасыт.

Бақыт Ұланбек