Body: 

2019 жылдың 22 қарашасында колледжде Нұр-Сұлтан қаласының «Қорғау-Астана» жеке фондының юристы Ә.Қ. Қанатов студенттер арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – кәмелетке толмаған студенттер арасында және олардың отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Әділ Қанатұлы қазіргі кездегі тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өте маңызды және мысал келтіре отырып ақпарат берді.Елімізде жыл сайын зорлық-зомбылық құрбандарының саны артуда. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңына сәйкес: тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).
Тұрмыстық зорлық зомбылықтың бірнеше түрі айқындалады: күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) қаржылық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Оның ішінде психологиялық зорлық-зомбылыққа ерекше тоқталып өтсек. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту» - деді өз сөзінде маман.
Кездесу соңында Әділ Қанатұлы студенттерді қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берді.

Мырзагалиева Г.Г.