21 ноября 2019
2019 жылдың 22 қарашасында бірінші курс студенттеріне Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық дəріс оқылды. Дəрісті дінтанушы Серік Осман оқыды.
Дәрістің басты мақсаты: діни сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу; жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын студенттер санасына ұғындыру.
Ағартушылық әңгіме барысында дәріс оқушы тыңдаушыларды Қазақстан аумағында тыйым салынған діни әдебиет және елдегі тыйым салынған діни ұйымдар туралы хабардар етті. Сот шешімі бойынша ҚР аумағында 21 шетелдік діни ұйымға тыйым салынған, олардың арасында «Әл-Каида», «Асбат Аль-Ансар», «Боз гурд», «Братья-Мусульмане», «Ислам джихад тобы», «Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы» және 2 оккульт-мистикалық ұйым — Фархат Абдуллаевтың «Алля-Аят» және «Ата жолы».
Сондай-ақ, Осман Ғабдылғазизұлы студенттерге, өзінің туған-туыстарына, достарына және айналасындағыларға мұқият болуға кеңес берді. «Егер адам үйреншікті өмір салтын күрт өзгертсе, онда оның жаңа мүдделері, достары және діни әдебиет пайда болса, онда сіздің жақындарыңыз дәстүрлі емес діни ұйымды ұстанады» деп айтты.
Студент жастар барынша белсенділік танытып, ойларын ашық жеткізіп, пікірлерімен бөлісіп отырды. Осман мырза «Əлеуметтік желіде құрылған торға түсіп қапы қалмауларында» айтып өткенді жөн санады.
Мырзагалиева Г.Г.