Body: 

2020 жылғы 16 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік педагогы Г.Ж.Нұрқабыл, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Мырзағалиева студенттерге арнап "Сарыарқа" ауданының ювеналды полиция бөлімімен бірлесе отырып, наркология орталығының маманы және психотерапевт нарколог Казбаева Эльмира Ғабиденқызымен кездесу өткізді.
Эльмира Ғабиденқызы дәріс-әңгіме түрінде студенттерге алкогольді, есірткіні, уытты және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың әлеуметтік және медициналық салдары туралы айтып берді.
Ол өз сөзінде жасөспірімдер ағзасының дамуына, жасөспірім жасындағы психологиялық проблемаларға, өз денсаулығына зиян келтіретін зардаптарға қатысты аса маңызды мәселелерді қозғады. Тәжірибелі дәрігер темекі шегудің және спирттік ішімдіктің адам денсаулығы мен ақыл-ой қабілеттерінің дамуына кері әсерін тигізетініне баса назар аударды.
Іс-шара соңында нарколог дәрігері Э. Г. Қазбаева еліміздің денсаулығы мен әл-ауқаты әр адамға байланысты екенін, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, белсенді азаматтық позицияға ие болуға, немқұрайлы болмауға және қоғам проблемаларынан тыс қалмауға шақырды. Дәрігер студенттерге ағзадағы есірткі және улы заттардың бар-жоғына экспресс-тест тапсыруды ұсынды. Осы ұсынысқа жасы кәмелетке жеткен отызға жуық ұл балалар мен қыздар келісім берді. Барлық тест нәтижелері жақсы көрсеткіш көрсетті.
Осы кездесуден кейін балалар өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын болады, алынған ақпарат студенттерді өз тағдыры туралы ойлануға мәжбүр етеді және олар өмір сүрудің бағасын біліп, теріс іс – әрекеттер жасамайды деп үміттенеміз!

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г. Г. Мырзагалиева