Body: 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды Еріктілер жылы деп қабылдаған болатын. Осыған орай колледждің «Мейірім» волонтерлық клубы Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған «Біз біргеміз!» атты акциясын қолдады. 2020 жылдың 22 қаңтарында колледждің еріктілері Нұр-Сұлтан қаласының Коктал-2 тұрғын алқабында орналасқан жалғыз басты апамыздың ауласын қардан тазалап, қолғабыс көрсетті. Еңбекке құлшына кіріскен волонтерлар ауланы тазалап, үйіліп қалған қалың қарды шығарып, көмірін қораға кіргізіп, сынып қалған қақпаларын жөндеп үлкен еңбек етті. Студенттер аз уақыт ішінде апайдың барлық өтінішін орындап, тапсырмаларды тиянақты аяқтады. Ауласы тазаланып, бар жұмысы бітіп, бір жасап қалған анамыз, жастарға ақ батасын берді. Осындай еңбекқор жастарды тәрбиелеп, қайырымды іске жұмылдырып отырған колледжге алғысын білдіріп, қыраулы қыста тағы да келіп тұруларын сұрады. Осындай қайырымдылық акциялар жалғасуда!

Мырзагалиева Г.Г.