Body: 

Колледжде 2020 жылдың 29-қаңтарында, оқу орнының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Жас маман мектебінің» мерейтойлық іс-шаралар жоспарына сәйкес жас мамандармен «Менің колледжім – менің мақтанышым» тақырыбында танымдық квест-ойыны өткізілді. Квест-ойының тапсырмалары осы ойынның ережелерін ескере отырып құрылды және қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар жас мамандардың колледж тарихы туралы білімдерін тиянақтауға бағытталды. Тапсырма сұрақтарында колледждің ашылған жылы, алғашқы түлектерінің шәкіртақысы, түлектердің жетістіктері, ұжымда қызмет еткен оқытушылар туралы ақпарат қамтылды.
Ойын тапсырмалары қызықты құрылды: күріш дәндерін санау арқылы колледж тарихы туралы кітаптің керекті беті анықталды, тиындар қатарын санау арқылы аудитория нөмері анықталды, QR кодты оқу арқылы колледждегі мамандықтар туралы бейнебаян көрді, тарихи даталарды байланыстыра отырып, арифметикалық амалдар орындады, пазл құрастыру және т.б. Жарысушы топтардың топбасшылары сайланып, ерекшелік белгілері тағылды. Ойын ұзақтығы 50 минутқа есептеліп құрылды. Квесттің тапсырмаларын дұрыс орындағанда, қатысушы командалар колледж музейіне келуі керек еді. Осы межеге екі команда да сәтті жетті.
Музейде директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Л.И.Матвеева және өндірістік оқыту шебері К.К.Кожахметовпен оқу орнының тарихына терең бойлаған сұхбат өтті. Жас оқытушылар колледждің тарихына қызыға үңіліп, сол кездегі студенттердің өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер тыңдады. Олар бітіруші студенттер жасаған жұмыстармен - теміржол көлігі модельдерімен және макеттерімен танысты. Ойын соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.