Body: 

2020 жылғы 29 қаңтарда колледж студенттері «Biz Birgemiz» акциясы аясында көп балалы ананың ауласын қардан тазалап, волонтерлық көмек көрсетті. Бірнеше күн үсті- үстіне жауған қар ауланы ғана емес, үйдің барлық терезелерін басып қалған еді. Кішкентай балаларымен қыстың суығында қар астында қалған көп балалы ана елорданың белсенді жастарынан көмек сұраған болатын. Күннің суығына қарамай көмекке ұмтылған колледждің «Мейірім» волонтерлық клубы аз уақытта қалың қарды күреп, ауланы толық тазартты. Ауласы тазарған ана колледж ұжымы мен студенттерге зор алғысын айтып, батасын берді. «Мейірім» волонтерлық клубы - қыс басталғалы осындай бірнеше үйдің ауласын тазартып, алғысқа ие болды. Колледж студенттері елімізде бастау алған волонтерлық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда.


Бақыт Ұланбек