Body: 

31 қаңтар күні жоғары көлік және коммуникация колледжінінің 75 жылдық мерей тойына орай «75 – игі істер» іс шарасы аясында өткізілген «Күлкі сыйла» атты Көңілді тапқырлар байқауы өтті. Байқауға колледждің өнерлі де талантты 6 командасы өнер көрсетті. Байқаудың мақсаты жас ұрпақ бойына елін, жерін, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлттық рухты көтеретін өнерді насихаттау. Колледждің жетістіктерін айту. Сәлемдесу және биатлон сайысы бойынша командалар өнер көрсетті. Байқаудың жеңімпаздары жоғары көлік және коммуникация колледжінінің 75 жылдық мерей тойына орай «75 – игі істер» іс шарасы аясында қалалық деңгейдегі Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында колледж директорының КУБОГІ үшін өткізілетін «Күлкі сыйла» атты «Көңілді тапқырлар байқауына» жолдама алады.
Сонымен байқаудың қорытындысы және қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік ойынша» номинациясы Оразай Мухаммадқа, «Үздік әуенмен әрлеуші» номинациясы Мұхатаев Нұрсұлтанға, «Көрермен көзайымы» номинациясы «Қызықтаймыз» командасына берілді.
Қалалық байқауға «Энерго құрамасы» мен «Байланыс құрамасы» командалары жолдама алды. Байқау өз дәрежесінде өткізіліп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.



Бақыт Ұланбек