Body: 

Колледждің 75-жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2020 жылдың 1 ақпанында 2003 жылдың түлегі Колесникова Екатерина Сергеевнамен кездесу өтті. Кездесуге 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығының 3ТЭТР-117 студенттері қатысты. Бұл кездесудің мақсаты байланыс мамандықтарын дәріптеу, сонымен қатар түлектермен жанды байланыс арқылы корпоративтік патриотизмді дамыту болды.«Электрбайланыс» кафедрасының меңгерушісі Л. А. Осташова колледж түлегіне колледж және кафедраның қысқаша тарихын көрсете отырып, біздің колледж түлектері үшін мамандығын және болашақтағы мүмкіндіктерін қысқаша сипаттап берді. Қазіргі таңда Колесникова Е. С. «СервисЛифтМонтаж» ЖШС қызметкері болып табылады, пайдалану бойынша шебер болып жұмыс істейді. Екатерина Сергеевна өзі оқыған жылдардағы колледж оқытушылары туралы айтып берді. Студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін атап өтті.Екатерина Сергеевна курстық және дипломдық жобалар жөнінде айтып берді. Оқытушылар мен өндірісшілерден көптеген пайдалы білім алған алғандағы әсерлерімен бөлісті.

Топ студенттері өндірістік тәжірибе және АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» филиалы Астана сигнализация және байланыс дистансасындағы жұмыс барысы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Аталмыш мекемеде Екатерина Сергеевна 10 жыл көлемінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарды. Студенттерді жоғары білім алу қажеттілігі туралы мәселе де қызықтырды. Екатерина Сергеевна өзіне қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.
Студенттер кездесуден үлкен әсер алып, Екатерина Сергеевнаға қызықты әңгіме үшін алғыстарын білдірді.